Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемлекеттік рәміздер қалай және қайда жасалады?

Мемлекеттік рәміздер қалай және қайда жасалады?

Kyzylorda-news.kz. Тәуелсіз елдің символдарына 28 жыл.
1992 жылдың төртінші маусымында мемлекеттік рәміздер алғаш рет бекітілді. Бұл сәт тарихта қатталды.
Елдігіміздің, егемендігіміздің басты нышаны – Ту! Жаныңа рух, бойыңа қуат берер бұл көк байрақтың авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Әуелде Мемлекеттік туға қатысты 600-ден аса жоба қаралған. Арасынан осы нұсқа ерекше көз түскен. Ерекше баға алған. Соңында көк байрақ Мемлекеттік ту болып бекітілді.
«Ұлы даланы мекендеген халық көк аспанды, ғарышты құрмет тұтады. Туымыздың көк түсті болуы сондықтан. Біз табиғаттың перзентіміз. Біздің санамыз ғарыштық сана. Көк түс біздің халқымыздың ең жақсы көретін символы. Күннің көзі жерді қалай сүйетін болса, әрбір қазақ жерді солай сүю керек. Жерді сүю дегеніміз – мемлекеттік рәміздерін сүю», - дейді филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов.
Ерекше сүйетін тағы бір басты рәмізіміз бар. Елтаңба деген. Бұл қос сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың ерен еңбегінің нәтижесі. Автордың бірімен сұхбаттастық. Естігеніміз, елтаңба намыстан туған нышан. Бұл рәміз «қазақта мәдениет пен тарих жоқ» деп бөскен керауыздарға жауап болды.
«Ру тайпалық таңбалар бар. Ондай 300-ге жуық таңбалар бар. Соның бәрін зерттеп, әлемдегі өзге елтаңбаларды зерттеп, содан туған елтаңба. Елтаңбаның ортасында тұрған. Қарашаңырақ. Керегең кең, босағаң берік болсын дегенді білдіреді. Ал шетіндегі тұлпарлар Отанды қорғау. Шаңырақтың жан жағында таралып тұрған 72 уық бар. Сол 72 уық біздің көпұлтты халық екенімізді білдіреді. Бұрышты жұлдыз ешқандай Кеңес үкіметіне, дінге жатпайды», - дейді ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков.
Осы қос нышанды әзірлейтін кәсіпорынға бардық. Бас қаланың индустриалды паркінде орналасқан екен. Көк байрақ тігіліп, елтаңба жасалады мұнда. Пластик қондырғыда 230 градуста балқытылып, біріктіріліп, кейін одан Елтаңба алынады. Кейін ол боялып, бас-аяғы 1 жарым сағаттың ішінде мемлекеттік рәміз пайда болады. Оның ені – 500 мм.
«Бір күнде қызметкерлеріміз орташа есеппен 70-80 елтаңбаны жасап шығарады. Еліміздің бұл нышаны әлем бойынша ең қиын жасалатын елтаңба саналады. Ту да сол көлем де әзірленеді. Бас қаладағы бірталай мемлекеттік мекемеде біздің кәсіпорында жасалған нышандар тұр», - дейді кәсіпорын бөлімінің жетекшісі Игорь Беляуш.
Елбасының қазақ тілі əліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлығына сəйкес Елтаңбамыздағы «Қазақстан» сөзі латын қарпімен жазыла бастады. Бұрынғы нұсқадағы елтаңбаны 2022 жылға дейін қолдана беруге болады. Елімізді көкбайрақпен қатар айдай әлемге танытқан және бір нышанымыз – Әнұран. Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ақын Жұмекен Нәжімеденовтің және Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған «Менің Қазақстаным» әні 2006 жылдың алтыншы қаңтарында Гимн болып бекітілді.
Осылайша жаңа Әнұран 2006-ның 11 қаңтарында Президентті салтанатты ұлықтау рәсімінде алғаш рет шырқалды.
Естіген адамның қолтығына қанат байлап, көкке ұшырып жіберетіндей әсер қалдыратын Әнұранымыз талай әлемдік аренада асқақтап келеді. Асқақтай бергей Азаттығымыздың айғағы мемлекеттік рәміздерге асқан құрметпен қарау – қасиетті міндет! Сүйсінері сол, биыл да, былтыр да ел бойынша рәміздерді қорлау дерегі тіркелмеген. Көк тудың тозбауы, жыртылмауы, тұғырына оралып қалмауы басты назарда болуы тиіс. Елтаңбаның да ғимараттарда ережеге сәйкес ілінгені жөн. Тек бұл нышандарды жеке тұлғалар өздігінше қолдана алмайды. Яғни елдігіміздің басты белгілерін көшеде алып жүруге яки қылтимаға іліп қоюға заңда рұқсат жоқ. Осыны ескермек ләзім.

04 маусым 2020 ж. 295 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области