Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аймақ басшысының орынбасары қаржы ұйымдарының басшыларымен кездесті

Аймақ басшысының орынбасары қаржы ұйымдарының басшыларымен кездесті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешев банктер мен қаржы ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында өңір экономикасын тұрақтандыру бағытында шаралар қабылдау, өңірге инвестиция тарта отырып, жаңа жобаларды іске асыру, шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсету мәселелері көтеріліп, талқыланды.
Бұған дейін, елімізде жарияланғантөтенше жағдай кезеңінде зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландыру шаралары жеңілдетіліп, бөлінген қаржы көлемдері ұлғайтылған болатын.
Осы ретте, облыс әкімінің орынбасары банк басшыларына өңірімізде шағын және орта бизнестің қаржыландыру жұмыстарын күшейтуге шақырып, жаппай кәсіпкерліктің дамуындағы банктердің ерекше рөлін атап өтті.
Кездесу соңында банк басшыларының назарына қала және аудандардағы инвестиция тартуды қажет ететін 250 жобамен таныстырды және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру үшін қаржыландырудағы белсенділікті арттыруға шақырды.
05 маусым 2020 ж. 216 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области