Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында ескерткіштердің қазба жұмыстарына жұмыссыз жастар тартылады

Қызылорда облысында ескерткіштердің қазба жұмыстарына жұмыссыз жастар тартылады

Kyzylorda-news.kz. Алтын Орда хандығының Сыр өңірінде орналасқан экономикасы мен мәдениеті дамыған ескі қалалары жіті зерттеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осы ретте Қызылорда облысында 6 ескерткішке қазба жұмыстары жүргізіліп, оған жұмыссыз жастар тартылады. Ғалымдар ежелгі Бәбіш мола, ортағасырлық Жанкент, Сортөбе және Алтын Орда дәуіріндегі Сығанақ, Асанас, Қышқала шаһарларының сыр сандығын кеңінен саралап-сараптамақ. Осыдан 6 жыл бұрын да ауқымды археологиялық зерттеу жұмыстары қолға алынған болатын. Нәтижесінде облыстық өлкетану музей қоры 6 мың 486 құнды экспонатпен толықты. Жалпы аймақта 545 тарихи және мәдени ескерткіш бар. Оның 134-і археологиялық мұра санатында. Ықылымнан сыр шерткен көне қалаларды зерттеумен қатар инфрақұрылымын жетілдіруге де үлкен мән берілмек. Мәселен, республикалық маңызы бар Сығанақ, Жанкент сияқты жәдігер-шаһарлардың аумағы қоршалып, бару жолы қалыпқа келтірілді. Ендігі меже – тарихи нысандарды ашық аспан астындағы музейге және туристтік орталыққа айналдыру.
«Халық қазынасы болып саналатын руханият пен мәдениет әрбір өңірдің қарқынды дамуына ерекше орын алатыны анық. Бай тарихи-мәдени ескерткіштер мен құндылықтар шоғырланған Сыр өңірі ұлы Жібек жолы бойындағы танымдық, тәрбиелік маңызы бар жаңа туристік бағытқа айналуы тиіс. Ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың негізі болып табылатын ұлттық құндылықтарымызды және ата-бабадан қалған мұраларды сақтап, өскелең ұрпаққа жеткізу – біздің басты міндетіміз», - деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова.
09 маусым 2020 ж. 192 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области