Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада археологиялық қазба жұмыстары басталды

Қызылордада археологиялық қазба жұмыстары басталды

Kyzylorda-news.kz. Биыл облыста 6 ескерткішке археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова мәлімдеді.
«Ежелгі Бәбіш мола, ортағасырлық Жанкент, Сортөбе және Алтын Орда дәуірімен мерзімделетін Сығанақ, Қышқала қалашықтарына қазба жұмыстары басталды. Сонымен қатар, тамыз айында Асанас қалашығында да қазба жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Мұнан өзге, «Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары» бекітіліп, археологиялық зерттеу жұмыстарына бақылау шаралары мен талаптары күшейтілді», - деді Мира Рахымжанқызы.
Айта кетейік, өңірде 545 тарих және мәдениет ескерткіші есепке алынса, оның 134-і археологиялық ескерткіш.
Қазіргі таңда, археологиялық жұмыстардың зерттеу ауқымы кеңейіп, қазбалар жүргізілуде. Осы кезге дейін табылған 6486 экспонаттар музей қорында сақтаулы. Бұл жұмыстар алдағы уақытта тарихи нысандарды ашық аспан астындағы музейге және туристтік орталыққа айналдыруда үлкен септігін тигізеді.
05 маусым 2020 ж. 241 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области