Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда музейі орта ғасыр әйелдерінің алтын әшекейлерімен толықты

Қызылорда музейі орта ғасыр әйелдерінің алтын әшекейлерімен толықты

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық музейі жаңа әшекей бұйымдармен толықты. Халықаралық Орталық Азиялық зерттеулер институты және Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті арасындағы меморандум негізінде биыл ортағасырлық Сығанақ қаласына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне өтті.
Оқу орнының ғылыми қызметкері Қ.Арынов облыстық музейдің «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу бөлімі қызметкерлерімен қазба жаңалықтарымен бөлісіп, жәдігерлер тарихы жайлы толық мәлімет берді.
Ортағасырлық Сығанақ қаласы биыл археологтарды алтын олжалармен қуантты. Музей қоры інжу тасы бар алтын сырғалармен, асыл тастар орнатылған алтын тұмармен, өрнектелген алтын түймелермен және інжу моншақтармен толықты.
Сонымен қатар, өрнегі Өзбекстанның археологиялық сәулет өнерінен кем түспейтін өсімдіктектес ою-өрнектермен безендірілген күрделі терракоталар, үшбұрышты және бесбұрышты өрнектелген тақтайшалар, мозайка фрагменттері музей қызметкерлерінің қызығушылығын тудыруда. Алтын Орданың орталығы болған Сығанақ қаласынан табылған артефактілер алдағы уақытта зерттеліп, ғылыми айналымға шығатын болады.
29 қараша 2019 ж. 523 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области