Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары

Өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары

Kyzylorda-news.kz. Өңірде жыл басынан бері 201 өрт оқиғасы тіркелді. Оның ішінде, 35-і дала және орман өрті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Руслан Қайрақбаев мәлімдеді.
«Облыстың 115382 тұрғынына өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 239 объекті тексерілді.Оның ішінде, ерекше тәртіп бойынша 148 объекті, жоспардан тыс бақылау бағытында 91 объекті.Тексеру барысында нұсқама талаптарын орындамағаны үшін мекеме басшыларына хаттама толтырылып әкімшілік сотқа жолданды»,-деді Руслан Сламбекұлы.
Сонымен қатар, орман қоры аумағында орын алған өрттердің негізгі себептері тұрғындардың және жеке шаруақожалық иелерінің өз жерлерін абаттандыру, жерді ашу үшін қураған шөптерді және қоқыстарды өртеу кезінде желдің әсерінен орман қоры аумағына шоқ ұшқындарының ұшуынан өртке ұластынын да тілге тиек етті.
Құрметті облыс тұрғындары, қауіпсіздік ережелерін сақтау – өміріңізді сақтап қалудың бірден - бір жолы!
09 маусым 2020 ж. 278 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области