Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ерлан Тұрғымбаев: Аймақтық полиция жетекшілері апта сайын азаматтармен кездеседі

Ерлан Тұрғымбаев: Аймақтық полиция жетекшілері апта сайын азаматтармен кездеседі

Kyzylorda-news.kz. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ішкі істер органдары қабылдап жатқан шаралар туралы халық алдындағы есептік кездесуінде айтып берді.
«Халықтың полицияға сенімін арттыру – басты міндеттердің бірі.Өйткені полицияға баға беретін – халық. Бұл үшін ең алдымен ашық болуымыз керек. Азаматтарды қабылдау тәртібін қайта қарастырдық. Енді облыстық, аудандық және қалалық полиция бөліністерінің бастықтары, олардың орынбасарлары апта сайын азаматтармен кездеседі. Орталық аппараттағы басшылар да белсенді қабылдау жүргізіп жатыр. Өткен жылдың өзінде мен 326 адам қабылдасам, менің орынбасарларым 309 адам қабылдады. Елордапдағы тұрғындардың жолдарына кететін қаржыны үнемдеу мақсатында бейнебақылау бойынша азаматтарды қабылдау жүзеге асырылады», - деді Ерлан Тұрғымбаев.
Сондай-ақ, министр ішкі істер органдары «сервистік модельге» көшіп жатқанын айтты.
«Аудан және қалалық полиция бөлімшелерінде азаматтарды қабылдау бөлімшелері бар. Онда халыққа консультациялық көмек беріледі. "Естуші мемлекет" тұжырымдамасы аясында жолдарда қабылдау акциялары жүргізіліп жатыр. Осындай консультацияларды өткізу полицияға халықпен тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Акция басынан бері 184 мың азаматқа консультация өткізіліп, полиция қызметін жақсарту бойынша 193 мың өтінім мен 26 мың ұсыныс қаралды», - деді ол.
09 маусым 2020 ж. 204 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области