Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшеді

Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшеді

Kyzylorda-news.kz. Сайлау күні қарсаңында Қазақстанның барлық аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр қазір бүкіл елдің аумағында "Құқық тәртібі" операциясы жүргізіліп жатқанын, сондықтан қауіпсіздік шаралары қолға алынғанын атап өтті.
"Операция 6 маусымға дейін жүргізіледі. Сайлауға байланысты 7-12 маусым аралығында барлық полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді", - деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.
Ол 8 маусым тыныштық күні екенін, сондықтан үгіт-насихатқа тыйым салынғанын еске салды.
"9 маусымда сайлау, ол өте ерте басталады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біздің патруль барлық дерлік жерде жұмыс істейді. Бұл сайлау кезінде өткізілетін қалыпты шаралар", - деп сендірді министр.
Тұрғымбаевтың айтуынша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 21 мың полицей жұмылдырылмақ.

04 маусым 2019 ж. 556 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области