Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 11 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар

11 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар

1918 жылы «Алаш» қазақ ұлттық қозғалысы кеңес үкіметінің Қазақстан аумағындағы барлық декреттерін заңсыз деп жариялады.

1991 жылы Қазақстан Республикасының Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметті шектеу мемлекеттік комитеті құрылды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1993 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен аталған комитет Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды.

1992 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының әскери соты және әскери прокуратура органдары туралы» қаулысы қабылданды.

1999 жылы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы жарияланды.

2014 жылы Парижде «Астана ЭКСПО – 2017» құжаттамасын мақұлдау процедурасы өтті. «Астана ЭКСПО-2017» - Қазақстан үшін ел экономикасын одан әрі әртараптандыру және жаңғыртуға, Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуіне қуатты күш беретін жалпыұлттық жоба.

2015 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы 20 жылға созылған келіссөздерді аяқтады.

2017 жылы Нұр-Сұлтанда Тұрақты дамуға арналған энергетика VIII Халықаралық форумы мен Министрлер конференциясы өтті. Онда тұрақты даму саласындағы қордаланған мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Конференция қорытындылары бойынша, Министрлер декларациясы қабылданып, онда Қазақстанның ЭКСПО базасында «Жасыл» технологияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық құру және «Болашақ энергиясы» инвестициялық жобаларын іске асыру бастамалары белгіленді.

2018 жылы Қызылордада «Мерейлі отбасы – 2018» байқауының жеңімпазы анықталды. Байқаудың бас жүлдесі мен республикалық кезеңге жолдаманы Сырдария ауданының тұрғындары – Бәйменовтер отбасы жеңіп алды.
11 маусым 2020 ж. 215 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области