12 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар
2002 жылғы 3-20 маусымның аралығында өткен Халықаралық Еңбек Ұйымы сессиясының Бас конференциясының шешімі бойынша жыл сайын атап өтіледі.
1934 жылы Қазақстан жазушыларының I съезі жұмысын бастады.
2010 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев трансферттік баға белгіленіміне бақылау тетіктерін, сондай-ақ салық салу саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгіленімі және салық салу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
2017 жылы ЭКСПО-саябақ аумағында Қазақстан халқы Ассамблеясының бейбітшілік және келісім аллеясы ашылды.
2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті.
2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентіне тікелей бағынатын меморгандардың басшылары туралы Жарлыққа қол қойды.