Қазалыдағы жол салу жұмыстары «Nur Otan» партиясының бақылауында

Мониторингке «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан, «Тілеп» ЖШС директоры, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Ибайдулла Тілеп, комиссия мүшелері "Jas Otan" ЖҚ аудандық бөлімше басшысы Гүлдәрі Иманалиева, аудандық филиал сарапшысы Алтынай Кенжалиева, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы Тұрар Абибуллаев қатысты.
Мониторинг тобы Әйтеке би кенті, Сатпаев көшесін қайта жаңғырту жұмысы және Ибраймов көшесі мен Сүлейменов көшелерінің аралығына малта тас қоспасы салынып жатырған, ірі өнімді асфальт қабаты төселіп, ұсақ өнімді асфальт қабатын салу жұмыстарын жүргізу бойынша бақылау жасады.
Жол жөндеу жұмыстарында болып жатқан кемшіліктер бойынша ескертулер жасалып, бұл кемшіліктердің алдағы уақытта түзетілуін партия өзінің қатаң бақылауына алатындығы айтылды. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі тұрғынның ұсынысы бойынша Қазалы-Әлсейіт жолында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстары тексерілді. Бұл жолдың сапалы болуы партия тарапынан бақылауға алынды.


