Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда мемлекет меншігіндегі 863 нысан жекешелендіріледі

Қазақстанда мемлекет меншігіндегі 863 нысан жекешелендіріледі

Kyzylorda-news.kz. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда 863 мемлекеттік меншік ұйымы жекешелендірілетінін мәлім етті.
«Кешенді жоспар бойынша 863 мемлекеттік меншік ұйымы мен квазимемлекеттік сектор нысанын жекешелендіру қарастырылған. Мұндағы мақсат – экономикадағы мемлекеттің үлесін 15%-ға дейін қысқарту. Қазір бұл үлес жалпы ішкі өнімнің 16,2%-ын құрайды», – деді Ерұлан Жамаубаев ОКҚ алаңында өткен халыққа есеп беру кездесуінде.
Оның айтуынша бұған дейін 534,1 млрд теңгеге 503 нысан сатылған.
«Тағы 298 нысан қайта құруға және таратуға бағытталды. Оның ішінде 220-ы қайта құрылып, таратылады. Жоспардың орындалуы сатылған және қайта құруға немесе таратуға жіберілген нысандарды қоса алғанда, 93%-ды, ал сауда-саттықта тұрғандарды есепке алғанда – 96,8%-ды құрайды. Кешенді жоспар аяқталғанға дейін 62 нысан сату жұмысы қалды. Оның 34-і сауда-саттықта тұр», – дейді ол.
12 маусым 2020 ж. 189 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области