Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысы әкімінің төрағалығымен облыстық жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті

Қызылорда облысы әкімінің төрағалығымен облыстық жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті. Күн тәртібінде «COVID-19» коронавирустық инфекциясының алдын-алу шаралары, «Жұмыспен қамту жол картасы» және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаларының орындалу барысы қаралды.
«Республика бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі, соңғы күндері коронавирус инфекциясының күн сайын 1000-ға жуық жағдайы тіркелуде. Облыс аумағында жалпы 665 адам тіркелсе, оның 507-і симптомды, 158-і симптомсыз түрі. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантиндік шектеулердің сақталуын қатаң бақылауға алып, мониторингтік топтардың жұмыстарын жандандыру қажет», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Сонымен қатар, аймақ басшысы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуді күшейтіп, облыстық білім басқармасының басшысына бала-бақшалардағы кезекші топтарда санитариялық – дезинфекциялық шараларды қатаң сақтай отырып, 12 балаға дейін рұқсат етуді қоспағанда жалпы бала-бақшалардың жұмысын тоқтата тұру жолдарын қарастыруды жүктеді.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Н. Байқадамов «Жұмыспен қамту» жол картасының, ал, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Т.Дүйсебаев «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы баяндады.
«Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін облысқа 36 млн. астам қаржы бөлінген. Және бағдарлама аясында 276 жоба іске асырылып, 10 мыңға жуық жұмыс орындарын ашу жоспарланған.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қала және аудан әкімдеріне мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмыс жүргізіп жатқан мердігер мекемелердің жұмыскерлерді келісім шартпен немесе еңбек шарттарын «Электрондық еңбек шарттарын есепке алудын бірыңғай жүйесі» автоматтандырылған дерекқорға енгізу арқылы жұмысқа қабылдауын қадағалауды тапсырды.
Қызылорда облысы бойынша халықты жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі 2020 жылға арналған Кешенді Жоспар қабылданған. Оның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысқа 7359 адам тартылды. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша маусым айының 17-нен бастап 1800 азаматты қысқа мерзімді оқыту жоспарлануда. Сондай-ақ, 15 маусымнан 888 бағдарламаға қатысушы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін онлайн режимде оқуды бастады.
Айта кетейік, қала және аудан әкімдері штаб отырысына бейнебайланыс арқылы қосылды.
17 маусым 2020 ж. 247 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области