Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мәслихат 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылады

Қызылордада мәслихат 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылады

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен мәслихаттың кезектен тыс 44 сессиясы өтті. Отырыс бейне-конференция форматында ұйымдастырылды. Күн тәртібінде 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемдік экономикадағы жағдай мен баға тұрақсыздығы және коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 8 сәуірінде «2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы» Жарлыққа қол қойды.
«Бүгін біз осы Жарлықтан туындайтын міндеттер мен Мемлекет басшысының тапсырмасын жергілікті жерде жүзеге асыру үшін облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіне 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетті 34,8 млрд.теңгеге нақтылап отырмыз. Ақпарат ретінде айта кетейін, бұл қаржының 25,9 млрд.теңгесі республикалық бюджеттен бөлініп отыр. Енді осы қаржының негізгі бағыттарына қысқаша тоқтала кетейін», – деді облыс әкімі.
Г.Әбдіқалықованың айтуынша, бюджеттен қаралған қаржының 2,6 млрд.теңгесі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беруге, 1,5 млрд.теңге – әлеуметтік кепілдендірілген пакетке, оның ішінде төтенше жағдайға байланысты аз қамтылған отбасыларды азық-түлік және тұрмыстық жиынтықпен қамтамасыз етуге бағытталады.
Ал еңбек нарығын дамыту, оның ішінде жалақыны ішінара субсидиялау, жастар практикасына, «NEET» санатындағы жастарға, табысы төмен көпбалалы отбасыларға, еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі жандарға, жаңа бизнес идеяларға берілетін гранттарға және қоғамдық жұмыстарға 4,3 млрд теңге қарастырылған.
«2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына республикалық бюджеттен трансферт ретінде 9,1 млрд.теңге бөлінуде. Қаржы аймақта жаңа жұмыс орындарын ашуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, инженерлік-көлік инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыруға және әлеуметтік-мәдени нысандарды жөндеу мен елді мекендерді абаттандыруға жұмсалады.
Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша облыста маңызды саналатын 22 жобаға 3 млрд.теңге бөлінеді.
Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау мен шағын және орта бизнес несиелерін кепілдендіруге 1,7 млрд.теңге қаралады.
Бұдан бөлек, аймақ басшысы облыстық бюджет қаражатының жұмсалу барысына тоқталып өтті.
«Аймақта жүзеге асырылып жатқан құрылыс, энергетика, мәдениет, спорт, электр және сумен жабдықтау салаларындағы 49 жобаны қоса қаржыландыруға 3 млрд.теңге, Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі аудандарында тұрғын үй салуға құнды қағаздарды шығару есебінен 895,5 млн.теңге бөлінетін болады. Сонымен қатар, білім, денсаулық, мәдениет және спорт салаларына 516 млн.теңге қаралады. Ал құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 219 млн.теңге жұмсалады», – деді Г.Әбдіқалықова.

Сессия қорытындысында, аймақ басшысы облыстық мәслихат депутаттарының бюджет жобасын нақтылауға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.


22 сәуір 2020 ж. 219 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области