Төтенше жағдай: Әскерилерге бір еңбекақы мөлшерінде сыйақы төленеді
Kyzylorda-news.kz. 2020 жылға арналған бюджетті нақтылау барысында эпидемияға қарсы шараларға 125,2 миллиард теңге қарастырылды. Оның 8 миллиард теңгесі полицейлер мен әскери қызметшілердің сыйақысына жұмсалмақ. Бұл туралы қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.«Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне, Ұлттық гвардия мен Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне 1 еңбекақы мөлшерінде сыйақы төлеуге 8 миллиард теңге бөлінді», - деді Шолпанқұлов онлайн брифингте.
2020 жылға арналған бюджетті нақтылау аясында эпидемияға қарсы шараларға қосымша 125,2 миллиард теңге қарастырылмақ.
40,6 миллиард теңгесі карантиндік шараларға тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыруға жұмсалады.
4 миллиард теңгесі ведомствоаралық ақпарат жүйелерінің қызметі мен байланыс қызметін қамтамасыз етуге бағытталады.
Ал 5,6 миллиард теңгесі сот медициналық сараптама қызметінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бөлінеді.

























