Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Жарықты заңсыз сөндірсе, қайда хабарласу керек?

Қызылорда: Жарықты заңсыз сөндірсе, қайда хабарласу керек?

Kyzylorda-news.kz. ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментіоблыстұрғындарынсапасыз және сенімсіз электрмен жабдықтау фактілері туралы хабарлауды сұрайды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы №356 «Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» бұйрығының 9-тармағының 3-тармақшасына сәйкес тұтынушы жасалған шарттың талаптарына сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын жеткіліксіз жеткізуден немесе сапасыз жеткізуден келтірілген нақты залалды өтеуді талап етуге құқылы және 12-тармаққа сәйкес сатушы тұтынушыға келтірілген нақты залалды толық көлемде өтеуге міндетті.
Электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Осыған байланысты, бұзушылық фактілері болған жағдайда, ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментіне мына мекен-жай бойынша Қызылорда қаласы, Қызылжар тұйығы 3, 18 құрылыс, тел. 8(7242) 701484, немеса kyzylorda.kaenk@energo.gov.kzэлектрондық поштасына хабарласуыңызға болады.
17 маусым 2020 ж. 183 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области