Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Электр энергиясын пайдалану ережелерін білесіз бе?

Электр энергиясын пайдалану ережелерін білесіз бе?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Саламат Қалжанов тұрғындардың бірнеше сұрағына жауап берді.

Энергия беруші ұйым тұтынушыны электр энергиясына қандай мерзімде қосады?
Энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйым тұтынушының анықталған кемшіліктерін жойғаннан кейін, электр қондырғыларын тұрақты пайдалану үшін өзінің электр желілеріне қосады.
Энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйымның тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға беру кезінде кернеуді беру мынадай мерзімдерде жүргізіледі:
- энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйым сыртқы қосылымды және электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пайдалануға беру мүмкіндігі туралы қорытындымен тексеруді — тұтынушы электр қондырғыларын қосуға материалдарды ұсынғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде жүзеге асырады;
- энергиямен жабдықтаушы ұйым энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымды электрмен жабдықтау шартын жасасу туралы — бір жұмыс күн ішінде жүзеге асырады;
- энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушының электр қондырғыларына кернеу беруді — электрмен жабдықтау шартына қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.
Тұтынушыға электр энергиясын қосу және босату коммерциялық есепке алу жүйесі болған кезде ғана жүзеге асырылады.

Электр энергиясын пайдалану есебі қалай жүргізіледі?
Қазақстан аумағында электр энергиясын пайдалануды есепке алу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген (Ереже) электр энергиясын пайдалану қағидаларымен анықталады. Электр энергиясын тұтынушылардың электр қондырғылары тұтынылған электр энергиясы үшін энергиямен жабдықтаушы ұйыммен есеп айырысу үшін қажетті коммерциялық есепке алу құралымен қамтамасыз етіледі. Электр энергиясын есепке алу үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдары (КЕҚ) пайдаланылады.
Тұтынушылар энергия беруші ұйымның электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматты жүйесінде (ЭЭКЕАЖ) тұтынылған электр энергиясының көлемі туралы деректерді беру құрылғыларымен жарақтандырылған коммерциялық есепке алудың бұрын орнатылған құралдарын есепке алу құралдарына ауыстыруды жүргізу үшін энергия беруші ұйымның өкілдеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Тұтынушылардың электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдары энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым өкілінің оларды қарауы үшін кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ететін орындарда орналасады.
Тұтынушының электр энергиясын қабылдағыштарын электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарсыз қосуға жол берілмейді. Энергиямен жабдықтаушы ұйым электр энергиясын тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын тұтынушыға шартта белгіленген қуат шегінде оған қажетті мөлшерде береді.

Электр желісіне қалай рұқсат алуға болады және жіберілген құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қандай?
Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр желісіне рұқсат алу үшін көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда, әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді.
Желілерге қосылуға техникалық шарттарды беру талаптарын бұзғаны үшін және технологиялық бұзушылықтар туралы ақпарат беру талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің (Кодекс) 301-1 және 301-2 баптары бойынша басшылардың жауапкершілігі көзделген.
Мысалы, электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзғаны үшін — кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бестен жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Құжаттарды қабылдаудан және (немесе) электр желілеріне қосудың техникалық шарттарын беруден бас тартқаны үшін —елуден екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сондай-ақ, энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйымдардың туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты уақытылы және дұрыс бермегені үшін жүзден төрт жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен бірге, энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйымдардың туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты жасырғаны үшін —екі жүзден бір мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен қатар, Кодексінің 172 бабы 6 тармағымен энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен энергиямен жабдықтау жеке шарт жасасудан бас тартуы жауапкершілік көзделген.
Ережелердің 12 тармағына сәйкес энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйым қосылу үшін техникалық шарттарды мынадай жағдайларда: энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда; тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шарттарда белгіленген қуаттан артқанда; электрмен сырттай жабдықтау схемасы өзгергенде; тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты өзгергенде береді.
Электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Осыған байланысты, бұзушылық фактілері болған жағдайда, ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментіне мына мекен-жай бойынша Қызылорда қаласы, Қызылжар тұйығы 3, 18 құрылыс, тел. 8(7242) 701484, 701464 хабарласуыңызға болады.
26 ақпан 2020 ж. 12 374 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области