Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысының энергетиктері қысқа дайын

Қызылорда облысының энергетиктері қысқа дайын

Kyzylorda-news.kz. ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінде 2019-2020 жылдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа Қызылорда облысының энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарының әзірлік паспортын алуға өтініштерді қарау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыста энергия кәсіпорындарының 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға ұсынылған өтінімдері және тиісті қағидаларда белгіленген энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін оларға қоса берілетін шарттардың материалдары қаралды.
Қарау қорытындысы бойынша комиссия энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын мына мекемелерге беруге шешім қабылдады:
– энергия өндіруші ұйымдар – «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (ГПЭС Майбұлақ кен орны және ГПЭС Оңтүстік-Шығыс Қызылқия кен орны), «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ, «KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП)» ЖШС, «Құмкөл Транс Сервис» ЖШС, «Қуатамлонмұнай» СП ЖШС.
– энергия беруші ұйымдар – «Шиелі-Энергосервис» ЖШС, «Қорқыт Ата Әуежайы» АҚ.
11 қазан 2019 ж. 370 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области