Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты акциясы өтуде

Аралда «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты акциясы өтуде

Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың 15-18 маусым күндері аралығында Арал ауданында ҚР Ішкі істер министрлігінің жоспарына сәйкес «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты акция өткізілуде.
Акция барысында Арал аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторлары, учаскелік полиция инспекторлары және білім бөлімі қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Соның ішінде, Арал ауданының полиция бөлімінің профилактикалық есебінде тұратын азаматтармен жеке-жеке сұхбаттасулар жүргізіле отырып, аудандағы сауда орталықтары, денсаулық сақтау орындарында отбасы, тұрмыстық қарым-қатынастар саласында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын-алу мақсатында арнайы жадынамалар таратылып, адамдар шоғырланатын орындарға плакаттар ілінді.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде бақылауға алынып, тиісті шаралар қабылданатын болады.



17 маусым 2020 ж. 165 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области