Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 18 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар

18 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар

1992 жылы КСРО Түркістан әскери округі таратылды.

2006 жылы Егеменді еліміздің байланыс және хабар таратуға арналған «ҚАЗСАТ» деп аталатын тұңғыш геостационарлық жер серігі жоспарланған таңғы сағат 4.44-те Байқоңыр айлағынан ғарышқа ұшырылды. Тәуелсіз Қазақстанның ғарыштық державалар қатарына қарай аяқ басқан алғашқы қадамының хабаршысындай болған осы жер серігінің ұшырылу сәтін Қазақстан мен Ресей Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин арнайы келіп бақылады. «ҚАЗСАТ» жер серігінің техникалық ресурсы - 12 жыл. Бұл еліміздің ең шалғай аудандары мен ауылдарын телекоммуникациялық қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2007 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» сапалы мемлекеттік қызмет ұсынуды қамтамасыз етуге бағытталған Заңға қол қойды.

2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлыққа қол қойды.

2014 жылы қазақстандық ғалымдар туберкулезге қарсы қолданыстағы дәрілерге қарағанда әлдеқайда тиімдірек дәрі ойлап тапты.

2017 жылы елордада алғашқы «Астана» Бүкіләлемдік театр фестивалі ашылды.
Ол қазақстандық актер, театр және кино режиссері Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналды. Шараға Еуропа мен Азияның жетекші театрларының өкілдері, белгілі сыншылар, драматургтер, Қазақстан және ТМД елдерінің мәдениет және өнер қайраткерлері, Асанәлі Әшімов өнерімен тереңнен танысқысы келген жас өнер шеберлері қатысты.
18 маусым 2020 ж. 202 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области