Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұма күнге ауа райы болжамы

Жұма күнге ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 19 маусым күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазақстан аумағының көптеген аудандары арқылы атмосфералық фронттар өтеді. Осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
Солтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте тұман түседі.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, түнде тұман болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел екпіні – 15-20 м/с. Тұман түседі.
Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Атырау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
19 маусым 2020 ж. 141 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области