11 қыркүйектегі ауа райы: жаңбыр, тұман, күшті жел
Kyzylorda-news.kz. 11 қыркүйекте ел аумағының солтүстік, орталық және шығысында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр, шығыста күндіз нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, бұршақ түсуі ықтимал. Ал қалған аймақтарда көбінесе күн ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Павлодар облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.
Атырау облысында, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.