Қызылордада күздік бидайға орақ түсті

Себуге дайындалған тұқым сауықтыру мақсатында Cабақтас, Аминопул препараттарымен өңделді және тұқым көпжылдық аквагель ылғал жинағыш, ылғал сақтағышымен бірге себілді.
Казахстанская-10 сорты - жұмсақ, күздік немесе жаздық бидай есебінде егуге болатын, орташа мерзімде піседі. Жатып төгіліп қалуға төзімді. 1000 дәннің массасы 33-43 г. Лютесценс бағалы бидай тобына жатады. Сорт ауруларға төзімді.
Сонымен қатар тұздылыққа шыдамды. Биіктігі кем дегенде 75 см. Дәндегі ақуыздың мөлшері – 13%, әлеуетті өнімділігі – 28,0-80,0 ц/га. Алматы облысының суармалы жерінде гектарына 80 ц өнім берген.
Күздік бидай жиналып болысымен екінші дақыл ретінде кәдімгі тары, қант құмайы немесе сүрлемдік жүгері дақылдары егіледі.
Жобаның экономикалық тиімділігі
Қалыптасқан технологиямен күздік бидайды өсіргенде гектарына 117 250 теңге қаржы жұмсалды, ал өнімділік 15,0 центнерді алу жоспарлануда. Ал аквагелді қолданғанда гектарына 130 137 теңге жаратылды, тиісінше өнім 25,0 центнер болса, қалыптасқан технология бойынша өсірген күздік бидай егісінен гектарына 12375 теңге шығын келсе, аквагель қолдану нәтижесінде 44 662 теңге таза пайда келу керек.

