Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 24 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар

24 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар

1938 жылы алғаш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайланды. Жоғарғы Кеңес мемлекеттік биліктің ең жоғары органы ретінде республикаға қатысты кез-келген мәселені шешуге және өз қарауына алуға өкілетті болды.

1970 жылы Алматы циркінің ұжымы құрылды. Оның құрамында Мәскеу эстрада-цирк училищесін, Саратов және Алматы эстрада-цирк студияларын енді ғана бітірген талантты әртістер болды.

2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлыққа қол қойды.

2010 жылы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға қол қойды. Заң жер пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін заңнаманы жүйелеуге және одан әрі жетілдіруге бағытталған.

2010 жылы Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған ескерткіш ашылды. Биіктігі бес метрден асатын ескерткіш түрік астанасының «Генчлик парк» орталық жастар саябағында орналасқан. Мүсіннің биіктігі - 2 метр 60 сантиметр. Ол таза қоладан, ал тұғыры мәрмәрдан жасалған. Авторы - Гюрсель Чаталтепе

2014 жылы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ энергетика саласындағы үздік стартап-жоба бойынша республикалық байқау жариялады.

2016 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және алғысын жариялау туралы өкімге қол қойды.
24 маусым 2020 ж. 156 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области