Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада тұрғын үй өртеніп, 10 адам құтқарылды

Қызылордада тұрғын үй өртеніп, 10 адам құтқарылды

Kyzylorda-news.kz. Өрт кезінде 7 адам эвакуацияланып, 10 адам құтқарылды. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін сағат 11.15-те Қызылорда облысы ТЖД кезекші қызметіне Қызылорда қаласы Шұғыла шағын ауданы 7 "А" мекен жайы бойынша бес қабатты тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келген бойда үшінші қабатта қысқатолқынды пеш, тоңазытқыш, кір жуғыш машинасы жанып жатқанын анықтады.
Өрт сөндірушілер баспалдақ маршы арқылы 7 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Сонымен қатар, 4-қабаттан өрт автосатысы арқылы 10 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды. Өрт сағат 11.34-те ауыздықталды.
"Апаттар медицинасы орталығы мен жедел-жәрдем бригадалары оқиға орнынан улы газбен уланудың жеңіл түрдегі белгілері бар 6 адамды, оның ішінде 4 баланы облыстық медициналық орталыққа және облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Қаза болғандар жоқ. Өрт ауданы 10,5 шаршы метрді құрады", - делінген ТЖД хабарламасында.
Өртті сөндіруге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге Апаттар медицинасы орталығының, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, Полиция департаментінің, жедел медициналық жәрдемнің, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ, "Қызылорда электр тарату торабы" АҚ жеке құрамынан 28 адам және 9 техника жұмылдырылды.

23 маусым 2020 ж. 174 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области