Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Biz Birgemiz» жалпыұлттық онлайн-форумы өтті

«Biz Birgemiz» жалпыұлттық онлайн-форумы өтті

Kyzylorda-news.kz.«Biz Birgemiz» жалпыұлттық онлайн-форумының ашылу салтанаты өтті. Шарада Мемлекет басшысы бейнеүндеу жолдады.
«Құрметті отандастар! Бүгінде әлемдегі барлық елдер, соның ішінде Қазақстан да коронавирус індетіне қарсы күрес жүргізуде. Бұл – әрине, өте ауқымды әрі күрделі жұмыс. Осыған орай мемлекет тарапынан теңдессіз шаралар қабылданды. Коронавируспен күресу үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды. Шағын және орта бизнес өкілдеріне бірқатар жеңілдік жасалды. Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан да көлемді қаржы бөлініп, мұқтаж жандарға нақты көмек беріліп жатыр. Бұл жұмысты "Nur Otan" партиясы белсенді түрде жүзеге асыруда. Осының бәрі бірлігіміздің бекемдігін көрсетеді», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Шара барысында өңір әкімдері коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы шепте жүріп, ерлік көрсеткен бірқатар азаматтарға Қазақстан Президенті тағайындаған «Халық алғысы» арнаулы медалін табыстады.
Қызылорда облысынан қалалық көп бейінді ауруханасының терапевт дәрігері Серікбол Сапарбаев, Қармақшы аудандық ауруханасы мейіргері, пост қызметкері Дариха Досаева, облыстық полиция департаментінің қызмет инспекторы Абзал Тасмағанбетов, «Абай Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мұрат Сәрсенбаев, азаматтық қоғам өкілі, «Бітім» Медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Ләззат Бақтыбаева, «Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері Нұрлыбек Сеилханов, облыстық «Qyzylorda» телеарнасының арнаулы тілшісі Тәжімұрат Әлжанов марапатталды.

24 маусым 2020 ж. 134 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области