Коронавирус: симптомды 10, симптомсыз 37 жағдай тіркелді

«Симптомды жаңа 10 жағдайдың 9-і скринингтен болса, 1-еуі індет жұқтырған науқаспен байланыста болған. Ал симптомсыз коронавирус инфекциясының 37 дерегі тіркелді. Оның 26-і скринингтен, , 7-і ақылы сынама тапсырғаннан, 4-і қарым-қатынастан анықталды»,- деді Жақсылық Абдусаметов.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 6713 азамат анықталды. Оның ішінде, 4308- тікелей қарым-қатынаста, 2405-і жанама байланыста болған. Құрметті облыс тұрғындары, карантиндік шараларды қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.