Тоқаев еліміздің жауынгерлеріне орнынан тұрып құрмет көрсетті

Жеңіс шеруінде бригада командирі, подполковник Ұлан Нұрғазиев бастауымен 36-шы десанттық-шабуылдаушы бригаданың әскерилері жүріп өтті.
Айта кетейік, салтанатты шеруге қатысушы мемлекеттер орыс алфабиті бойынша кезек-кезекпен бой түзеді. Қазақстандық сарбаздар Үндістаннан келген қонақтардан кейін алаңға саппен шықты.
Парад жүргізушісі болса қазақстандық жауынгерлерді "Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің үздік құрылымы" деп таныстырыпты.
Сондай-ақ Қазақстан тарапынан президенттен бөлек Ресейдің қорғаныс министрінің Сергей Шойгу шақыртуымен келген еліміздің қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев та қатысты.