Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДЕЛИДЕ ҚАЗАҚСТАН АРМИЯСЫНЫҢ 26 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

ДЕЛИДЕ ҚАЗАҚСТАН АРМИЯСЫНЫҢ 26 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Үндістан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери атташе аппараты ҚР Қарулы Күштерінің 26 жылдығына орай қабылдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
  Іс-шараға Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Болат Сәрсенбаев, Үндістан Қорғаныс министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Шамбу Кумаран, Нью-Делидегі дипломатиялық өкілдіктер, шет мемлекеттердің әскери атташелері, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдері, Үндістанның әлеуметтік-саяси және іскер топтарының басшылары қатысты.
  Қазақстан мен Үндістан мемлекеттерінің әнұрандары орындалғаннан кейін жиналғандарға арнап Болат Сәрсенбаев сөз сөйледі. Ол өз сөзінде әскери-техникалық ынтымақтастық - Қазақстан мен Үндістан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестіктің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
  Ал Үндістандағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери атташесі Махамбет Бисенов екі елдің Қарулы Күштерінің ынтымақтастығын тереңдетуге қазақстандық тараптың дайын екендігін білдірді.
  Қонақтар шара барысында Қазақстан, оның әскері мен әскери-өнеркәсіптік кешені туралы фотосуреттер мен бейнелерді тамашалады. Еске сала кетсек, 1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Қарулы Күштері құрылған болатын.




06 мамыр 2018 ж. 759 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области