Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Зорлық-зомбылық байқалған отбасына 10 күнге дейін бірге тұруға тыйым салынады

Зорлық-зомбылық байқалған отбасына 10 күнге дейін бірге тұруға тыйым салынады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда отбасында жанжал шығарғандар баспанадан уақытша шығарылады және психокоррекциялық бағдарламадан өтуге міндеттеледі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркина мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Парламентте депутаттар корпусы ұсынған Отбасылық-тұрмыстық зорлыққа қарсы іс-қимыл заң жобасы талқыланып жатыр. Талқылау барысында оның атауы «Тұрмыстық қарым-қатынастағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл» деп өзгертілді. Талқылау жұмыстары өте белсенді жүріп жатыр, оған осы саладағы ең белсенді қоғамдық бірлестік өкілдері шақырылған», - деді Айгүл Нұркина ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өткізген онлайн жиналыста.
Оның айтуынша, бұл бастаманы депутаттар ұсынып отыр.
«Депутаттар зорлық-зомбылық фактісі болып, адам өміріне қауіп төнген жағдайда отбасылық агрессор мен жәбірленушінің 10 күнге дейін бір баспанада тұруына тыйым салу бастамасын қолдады. Сот қарым-қатынасы орнаған жағдайда, құқық бұзушы психокоррекциялық бағдарламадан өтуге міндеттеледі. Қажет болған жағдайда өзге баспанасы бар-жоғына қарамастан ортақ баспанадан уақытша шығуға да мәжбүр болады», - деді депутат.
Қазіргі уақытта түзетулер мен өзгерістердің алғашқы бөлігі Үкіметке жіберілген. Осы аптада өзгерістердің тағы бір бөлігі жолданады.
24 маусым 2020 ж. 150 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области