Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавирустың симптомсыз түріне шалдыққандар ем алуы керек пе?

Коронавирустың симптомсыз түріне шалдыққандар ем алуы керек пе?

Kyzylorda-news.kz. Коронавирустың симптомсыз түріне шалдыққандар ем алуы керек пе? Бұл сұраққа «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қандай да бір скрининг кезінде немесе жақын байланыста болған адамда осы вирус анықталды делік. Ал сол уақытта денсаулығында ешқандай проблема болмаған адамды емдеу қажет пе? Егер мен өзімді жақсы сезінсем әрі ешқандай проблема болмаса ше? Меніңше, дәріні нақты белгілері бойынша ғана қабылдау керек. Аурудың жеңіл түрі кезінде ыстық түсіретін дәрі ішкен жөн. Дене қызуы көтерілгенде тек қана парацетомол ішуге кеңес беріледі. Егер адамда өкпе қабынуы болса, онда бұл симптомсыз түрі емес. Бұл клиникалық түрі және дәріні дәрігер белгілейді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, өкпе қабынуы асқынып кеткен симптомсыз пациенттердің шамамен 3 пайызы стационарға жатқызылады. Жалпы, өкпе қабынуы 7 күннің ішінде белгілі болады. Ал одан кейін дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда бола бастайды.
«Әр адамда әртүрлі болуы мүмкін. 7 күннен кейін де өкпе қабынуы белгілері пайда болып жатады. Өкпе қабынуы белгілері байқалған кезде міндетте түрде микротромбылардың қалыптасуын бақылайтын бактерияға қарсы терапияға қосылу қажет. Меніңше, бұл өте дұрыс әдіс. Өйткені, өкпе қабынуының алғашқы сатысындағы пациент бақылауға алынып, емделе бастайды», - деді Махаббат Бекбосынова.
26 маусым 2020 ж. 211 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области