Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавирус жұқтырғандар неге иіс сезе алмайды?

Коронавирус жұқтырғандар неге иіс сезе алмайды?

Kyzylorda-news.kz. Қытай, Иран және Италия ғалымдары клиникалық деректерді негізге ала отырып, коронавирус жұқтырған адамның неге дәм мен иіс сезу қабілетінен айырылатынын анықтады. Зерттеу нәтижесін Science Alert басылымы жариялады.
Адамға тұмау тиген кезде мұрны бітеліп, содан дәм мен иіс сезетін рецепторларға молекула жетпей қалады. Аносмия (дәм сезудің жоғалуы) содан пайда болады.
Алайда COVID-19 жұқтырған науқастың мұрны бітелмейді, бірақ сонда да дәм мен иіс сезбей қалу сынды белгілері болады. Мұның сыры неде екенін білмек болған ғалымдар инфекция жұқтырған науқастардың мұрнын компьютер томографиясына түсірген. Томографиядан науқастардың дәм сезуге жауап беретін мұрын бөлігі ісініп, шырышпен қабаттасып бітеліп қалатыны көрінген. Ал мұрынның қалған бөлігі ашық, сондықтан адам тұмаудағы сияқты ауа жұта алмай қиналмайды.
Басында COVID-19 инфекциясы адамның дәм мен иіс сезу нейрондарын жарақаттап, содан адам сезінуден қалады деп болжам жасалған еді. Алайда ағзаға түскен коронавирус мұрынның шырышты қабатын қабындыратын ACE2 ақуызын бөлетіні белгілі болды. Мұндай ақуызға қарсы тұру үшін мұрынның иммун жүйесі ісініп, сезім нейрондарын бұғаттап тастайды.
Ал ағзаның иммун жүйесі коронавирусты жеңген кезде ісіну басылып, адамның дәм мен иіс кезу қабілеті қалпына келеді.


27 маусым 2020 ж. 190 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области