Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Соңғы тәулікте симптомды 19, симптомсыз 30 жағдай тіркелді

Соңғы тәулікте симптомды 19, симптомсыз 30 жағдай тіркелді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 653, ал симптомсыз- 488 азамат. Ал індеттен айығып шыққандар саны 636-ға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Жаңа симптомды 19 жағдай тіркелді. Оның 15-і скринингтен болса, 3-еуі ақылы сынама тапсыры анықталған, 1-еуі қарым-қатынас арқылы жұққан. Ал симптомсыз коронавирус инфекциясының 30 дерегі анықталды. Оның 12-і скринингтен, 15-і ақылы тест сынамасын тапсырғаннан, 3-еуі індет жұқтырған науқаспен байланыста болғаннан анықталды»,- деді бас дәрігер.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 7251 азамат анықталды. Оның ішінде, 4780-і тікелей қарым-қатынаста, 2471-і жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.
29 маусым 2020 ж. 213 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области