Бетперделер тегін таратылды ⠀
Kyzylorda-news.kz.Коронавирус инфекциясынан сақтанып, індеттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін әрбір азамат күнделікті бетперде тағып, міндетті түрде сақтық шараларын мұқият орындауы тиіс. Осыған орай, Арал ауданындағы сақтық шаралары күн сайын қарқынды жалғасып келеді.
Коронавирус індетінің алдын-алу, вирустық инфекцияның таралуын тежеу мақсатында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аудан еріктілері мен жастар ресурстық орталығының қызметкерлері аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын орындарда бетперделерді тегін таратты.
Сондай-ақ, халыққа қауіпті індеттің таралу жолы, оның симптомдары мен одан сақтану шаралары түсіндіріліп, халық көп жиналатын сауда орындарында арнайы үнпарақтар таратылды. Сонымен қатар, дыбыс күшейткіш құралдары арқылы тұрғындарға сақтық шаралары кеңінен хабарланды.