Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және найзағай күтіледі.
Қазақстан аумағының басым бөлігін жаулаған Оңтүстік-Каспий циклоны кезең ішінде солтүстік-шығысқа қарай ығысатын болады. Бұл циклонның атмосфералық фронттары найзағаймен және екпінді желмен жаңбыр әкеледі, жеке аймақтарда қатты жаңбыр күтіледі, бұршақ түсуі ықтимал.
Температуралық фон түнде 8…18 дейін, күндіз 18…28 жылыға дейін төмендейді. Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтары жоғарғы қысым аясында болады, мұнда жауын-шашынсыз ауа райы және температураның түнде 13…22 дейін, күндіз 30…38 жылыға дейін жоғарылауы күтіледі.