Қызылорда: Лифт ішінде қалып қойған бала құтқарылды

Оқиға «Мерей» мөлтек ауданындағы 9 қабатты үйде болды. Бала лифтінің ішінде сегізінші қабатта қалып қойған.
«Құтқарушылар жедел әрекет етті. Лифтінің есігін ашып, 11 жастағы баланы шығарып алды. Оған жедел-құтқару жасағынан 6 маман мен 1 автокөлік жұмылдырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.