Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада "Жас турист" жарысы өтті

Қызылордада "Жас турист" жарысы өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен "Спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы" жастар қоғамдық бірлестігі жас туристер арасында "Спорт есірткіге қарсы!" ұранымен жарыс өткізді.
Нашақорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-насихаттау жұмысы аясындағы сайыс балалар мен жасөспірімдердің психобелсенді заттардың таралуына және қолданылуына қарсы тұруын қалыптастыруды көздеп отыр.

Жарысқа қатысушылар карантиндік шараларды барынша сақтай отырып, "кедергілер жолағынан" өту дағдыларын, скалодром шыңына көтерілу кезінде альпинистік дайындықтарын көрсетті.

Балалар мен жасөспірімдер туризмі балаларды тәрбиелеудің, оларға кәсіптік бағдар берудің, кейінгі буын арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың тиімді жүйесі болып табылады.

Барлық жас туристер алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды.
03 шілде 2020 ж. 251 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области