Қызылордада орман өрті көбейді
Kyzylorda-news.kz.Өңірде жыл басынан бері 275 өрт оқиғасы орын алды. Оның 38-і орман өрті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық–құтқару жұмыстар қызметі» ММ бастығы Нұрсұлтан Ибрагимов мәлімдеді.
«Орман қорында орын алған 38 өрттің 31-не мемлекеттік өрт сөндіру қызметі қатыспаған. Өрт туралы ақпарат космомониторинг жүргізу арқылы және орманшыларды бақылау кезінде анықталған. Ал, 7 өрт оқиғасына өртті сөндіруге мемлекеттік өрт сөндіру қызметі қатысты. Тіркелген орман өрті өткен жылмен салыстырғанда 38 есеге көбейген. Оның ішінде, 80 мың гектар орманды, 143 мың гектар ормансыз алқап. Тілсіз жаудың алдын алуда жергілікті атқарушы органдар мен «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесі бірлесіп облыс бойынша орманды және тоғайлы алқаптарда 8 өрт-тактикалық жаттығуын өткізді»,-деді Нұрсұлтан Жаңабайұлы.
Орман және дала өрттерінің өсуі қоқыстарды жағу жұмыстары кезіндегі қарапайым сақтық ережелерінің сақталмауы салдарынан орын алуда.