Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАН АИТВ-ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ТАРАЛУЫ ТӨМЕН ЕЛДЕР ҚАТАРЫНА КІРЕДІ

ҚАЗАҚСТАН АИТВ-ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ТАРАЛУЫ ТӨМЕН ЕЛДЕР ҚАТАРЫНА КІРЕДІ


    Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі (БЖИ) бойынша бүгінгі таңда Қазақстандағы АИТВ-инфекциясының таралушылық көрсеткіші 15-49 жас аралығындағы тұрғындар арасында 0,2 пайызды құрайды, орта әлемдік көрсеткіш бойынша - 1,6% құрайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық министрлігі хабарлайды.
    Соңғы бес жылда елде тұрғындарды тестілеуді арттыру жағдайында АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларының өсу қарқыны үш есеге төмендеді. Соңғы он жылда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың (АӨА) қайтыс болуы 2,6 есеге қысқарды. ЖИТС қызметінің соңғы онжылдықтағы басқа да жетістіктері ретінде АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілу деңгейінің төрт есеге төмендеуі болды. Бұл тенденциялар мемлекеттің АИТВ-инфекциясының таралушылығын тежеуге арналған жауапты шаралардың тиімділігін көрсетеді.
    Бүгінде АИТВ-инфекциясын таралушылығы мінез-құлыққа да байланысты болатын созылмалы инфекциялық ауру ретінде айту қажет. Сол себепті, аса өзекті болып АИТВ-инфекциясының берілу жолдары туралы білімді арттыру, нақты ақпараттарды алу, АИТВ-ның бизнеске ықпалының жоқтығын түсіну болып табылады және барлық деңгейдегі бизнес-құрылымдардың басшылары арасында АӨА-ға қатысты стигманың төмендеуі – оның салдары ретінде болмақ.     
    Қазақстанда азаматтар үшін АИТВ-инфекциясына тестілеуден өту және емделу тегін екендігін, мемлекет қаржысы есебінен жүзеге асырылатындығын айта кету қажет. Қазақстанда соңғы он жылда АИТВ-инфекциясына тестілеумен қамту екі жарым есеге артты. 2006 жылы тестті 1,2 миллион қазақстандық тапсырса, 2017 жыл қорытындысы  бойынша бұл көрсеткіш 2,9 миллионды құрады. Осылай әрбір алтыншы қазақстандық өзінің АИТВ-ахуалын біледі.
    АИТВ-инфекциясы әлеуметтік маңызы бар аурулар ретінде медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында емделеді және оны толығымен мемлекет қаржыландырады. Адам организміндегі вирустардың көбеюін баяулататын антиретровирустық препараттар бар.  Сол препараттар арқасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдар оқуға түсе алады, дені сау балаларды өмірге әкеледі және толыққанды өмір сүреді. Олар өздерінің әріптестеріне вирусты өткізе алмайды және ұжым үшін қауіпті емес. АИТВ тұрмыстық-қатынастық жолмен, ауамен, қол алысқанда, жөтелгенде, көпшілік орындарға барғанда берілмейді.
    Наурыз айында елде сауалнама жүргізу жолы арқылы АИТВ-ның бизнеске ықпалы жөніндегі бизнес-құрылым өкілдері үшін Бүкіләлемдік экономикалық форумның (БЭФ) жыл сайынғы сауалнамасы жүргізілетін болады. Сауалнама нәтижесі бойынша БЭФ тұрғындардың сауаттылық деңгейін және Қазақстандағы АИТВ туралы білімнің таралушылық деңгейін бағалайды. Бизнес-құрылым басшыларының АИТВ-инфекциясының бизнеске ықпал ету қаупінің жоқтығына объективті баға беруі елдің бәсекеге қабілеттілігінің рейтінгісін және инвестициялық тартымдылығын арттыруға септігін тигізеді.
    Бүгінде елдің аймақтарында АИТВ-ға және ол туралы білімді арттыруға бағытталған және АӨА-ға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеуге бағытталған бизнес-құрылымдардың өкілдеріне арналған дөңгелек үстелдер, жедел-тестілеумен қоса науқандар, семинар мен тренингтер өткізіледі.
    Бүкіләлемдік экономикалық форумның (БЭФ) «Бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индексі» жыл сайынғы баяндамасы (GCI/ГИК) - әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің жетекші әлемдік рейтингісі болып табылады және ол әлем елдерінің экономикалық дамуының тәуелсіз бағасын жүргізуді білдіреді.

02 ақпан 2018 ж. 1 029 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области