Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда құрылыс қарқынды

Қазалыда құрылыс қарқынды

Kyzylorda-news.kz. Биыл Қазалы ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында 42 жоба іске асырылып жатыр. Ол үшін бюджеттен 4 млрд 11 млн 89 мың теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда әрбір нысан басында қызу жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады.

Аудан басшысы алдымен Бозкөл ауылындағы №96 мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын «Мансури» және «Қазалы Тұлпары» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда шатыры мен терезесі ауыстырылып, жылу жүйесі мен электр желісі жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін толығымен аяқталады. Құрылыс басында 48 адам жұмыс істесе, оның 24-і жергілікті тұрғындар.

Мұнан соң Мұрат Нәлхожаұлы Аранды мен Басықара ауылындағы клубтарға жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Сондай-ақ Қ.Пірімов ауылындағы спорт алаңында болды. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, бұл маң ауыл балаларының спортпен шұғылдануына, бос уақытын тиімді өткізуіне өз септігін тигізеді.

Айта кетейік, биыл мұндай спорт алаңы Кеңес одағының батыры Үрмәш Түктібаев атындағы ауылда да пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ аудан әкімі «Қазалы – Қожабақы – Бозкөл – Кәукей» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 16 мен 30 шақырым аралығына орташа жөндеу жүргізіп жатқан мердігер мекеме «МФК – Тұран» ЖШС-ның жұмысымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, аталған учаскеге жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталған болатын. Сол жылы 3,7 км жол толықтай бұзылып, асфальт қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал, 2019 жылы 10,3 км жол қайта тегістелді. Биыл қалған қаржы облыстық бюджеттен толықтай бөлінді. Алдағы уақытта «Қарлаң» қалқымалы көпірі мен Қожабақы ауылының арасындағы жол толықтай асфальттанатын болады.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев әрбір нысан басында мердігер мекемелердің жауапты қызметкерлеріне жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды. Ал, ауылдық округ әкімдеріне атқарылып жатқан жұмыстарға жанашырлықпен қарауға шақырды.





09 шілде 2020 ж. 224 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области