Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда мониторингтік топ мектептің жөндеу жұмыстарымен танысты

Қазалыда мониторингтік топ мектептің жөндеу жұмыстарымен танысты

Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиал жанынан құрылған мониторингтік топ Ғ.Мұратбаев атындағы №17 мектепте жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.
Аталған мектептің оқу, спорт зал және асхана ғимаратын ағымдағы жөндеу мен мектеп ауласына қоршау орнату жұмыстарына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 58819,4 мың теңге бөлінген.
Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібімен өткізілген конкурста «Нұрсәуле Құрылыс 2012» ЖШС жеңімпаз болып танылып, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстары аясында ғимараттың ішкі сылақ жұмыстары, едендерді қайта сырлау, электр желілерін жаңалау, сондай-ақ мектеп ауласын асфальттау, спорт зал ғимаратының шатырын жаңалау, әжетхана орналастыру жұмыстары жүргізілетін болады. Қазіргі таңда қоршау орнату жұмыстары мен асхана ғимаратын жөндеу жұмыстары аяқталған.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 22 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 11 адам Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен уақытша жұмыспен қамтылды.





25 маусым 2020 ж. 214 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области