ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ БАС КЕЛІСІМ ӘЗІРЛЕНДІ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік серіктестермен бірлесіп 2018-2020 жылдарға арналған Үкіметтің, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісім жобасын әзірледі.
Жобаның негізгі нәтижесі, аталған институтың жұмысын қайта құру. Бұл ҚР «Кәсіподақтар туралы» заңдарын және жаңа Еңбек кодексін әзірлеу мен қабылдаудан басталды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, жаңа үлгіні қолдану тәжірибесі оң динамиканы көрсетіп отыр.
«Өткен жылы әлеуметтік аударымдары бар қызметкерлер саны 100 мыңға жетті. Бүгінгі күні ұжымдық келісімдер ірі және орта кәсіпорындардың 90%-ында, шағын кәсіпкерліктің 31%-ында жасалды. Соңғы үш жылда зиянды еңбек жағдайлары кезінде зардап шеккен жұмысшылар саны 16%-ға төмендеді », - деді министр.
Жаңа бас келісім екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде – экономиканы технологиялық жаңғырту, халықты ресми және нәтижелі жұмыспен қамту, адами капиталдың сапасын арттыру, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін қозғайтын жеті бағыт топтасқан.
Екінші бөлім – әлеуметтік әріптестік тараптарының нақты іс-әрекеттерін жүзеге асыру бағыты бойынша Жол картасынан тұрады.
Бас келісімде экономиканы технологиялық жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, Үкімет еңбек ағынын басқаруға арналған Жол карталарын үйлестіру және мониторинг жасау бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын ұйымдастырады.
Өз кезегінде, жұмыс берушілердің бірлестіктері экономиканың негізгі салаларында цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі шараларды іске асырады, әсіресе зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар секторларда негізгі құралдарды жаңарту үдерісі жеделдетіледі.