Қазалылық еріктілер тұрмысы төмен отбасына баспана салып берді
Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы Қазалы ауданында тұратын еріктілер Мархаббат Асанова мен Мерей Айекешованың бастамасымен жергілікті тұрғындар көп балалы отбасыға баспана салып берді.
Бұдан бұрын қайырымдылық істерімен көпшілік көзіне түсіп келген волонтерлерді төрт балалы жалғызбасты әкенің жағдайы алаңдататын еді. Карантин кезінде халыққа көмектесу мақсатында қаржы қорын құрды. Жергілікті кәсіпкерлер тарапынан жиналған 800 мың теңгеге аз қамтылған 55 отбасыға азық-түлік жеткізіп берді. Сондай-ақ, арнайы карантиндік шара барысында жұқпалы аурулар ауруханасына жаңа төсек жабдықтары мен арнайы киім алдырды.

«Осындай күндердің бірінде Қазалы қаласындағы 4 балалы жалғызбасты әкенің жағдайы бізді алаңдатты. Ол тұратын баспана көзге қораш көрінетін. Баспана құлау қаупінде тұрған. Нөсер жауса, үй шынымен құлап қалар еді. Осылайша, қалған шағын қаржымен жаңа үй салуды ойластырдық», - деді ерікті жастар.
Қайырымдылыққа шақырған қос қыздың бұл ісіне Қазалы жастары да қызу қолдау білдірді. Кәсіпкер ақшалай да, құрылыс жабдықтарымен де қамтамасыз еткен. Нәтижесінде баспанаға мұқтаж отбасы қысқа уақыт аралығында 3 бөлмелі үйдің кілтін алды.