Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мамыр Байдәулетов: Бірлігімізбен биікпіз

Мамыр Байдәулетов: Бірлігімізбен биікпіз

Kyzylorda-news.kz. Қазір елімізде әлемді алаңдатып отырған індеттің таралуы бәсеңдемей отыр. Тіптен, қайғымен аяқталып жатқан жағдайлар да кездесуде. Мемлекет басшысы сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Елдегі жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеу жариялаған болатын.
Еліміздің тұрғындарын карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты екендігін және коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсіп жатқандығын айтып өтті. Мемлекет тарапынан індеттен сақтану мақсатында қажетті шаралар атқарылуда.
Өкінішке қарай, пандемия салдарынан көз жұмған жандардың қатарында елдік мұратты ту еткен арыстай азаматтарымыз, зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, өзгенің өмірі үшін соңғы сәтке дейін күресіп өткен дәрігерлеріміз бар. Осыған орай індеттен қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.
Біздің қайсар халық не бір зұлмат заманды бастан өткергенде сынбады, керісінше, бірлігі бекемделді, іргесі нығайды, ауырлықты бірге көтерді. «Тар жол тайғақ кешуде» аяғынан табандап тік тұрған ел болса, ол біз едік.
Алла енді мұндай зұлматтан сақтасын! Дүниеден өткен жандарды Жаратқан панасына алсын! Ауруханада жатқан бауырларымыз тезірек сауығып кетуіне тілектеспін!
13 шілде 2020 ж. 218 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области