Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚХА Қазақстан халқына Үндеу жариялады

ҚХА Қазақстан халқына Үндеу жариялады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан халқы Ассамблеясы әлемді жайлаған пандемияға байланысты ел халқына Үндеу жариялады, деп хабарлайы ҚазАқпарат.
«Әлемді жайлаған COVID-19 індеті, өкінішке қарай, біздің елімізде де белең алып, ауруға шалдыққандар саны күрт өсіп отыр. Кісі өлімі көбейіп, арыстай азаматтарымыздың ортамыздан кетіп жатқаны жанымызға батады.
Осынау қиын сәтте Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің күшіміз – бірлікте екенін тағы бір мәрте еске салды. Халқымыз басына түскен ауыртпалықты өзінің күш-жігері, ұйымшылдығы, болашаққа деген ұмтылысы арқылы жеңетініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялап, орын алған кемшіліктерді жойып, қолға алынуы тиіс шұғыл шараларды атап көрсетті.
ҚХА өз кезегінде қазақ еліне қолдау білдіре отырып, карантин талаптарын қатаң сақтауға және туған-туыстарға жанашыр болуға шақырады.
Бүгінгі қаралы сәтте жақындарынан айрылған барша отбасылардың қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамыз»,-делінген Үндеуде.
13 шілде 2020 ж. 152 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области