Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыс әкімі пандемия құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты

Облыс әкімі пандемия құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 9 шілде күнгі № 116 «Қазақстан Республикасында коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы» өкіміне сәйкес республика бойынша Нұр-Сұлтан қаласының уақытына сәйкес сағат 12.00-де (жергілікті уақытпен сағат 11.00) 1 минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімі өтті.
Қызылорда облысында 1 минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімі 4 жерде ұйымдастырылды. Атап айтсақ, облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңынан облыс әкімі, әкімнің орынбасарлары, аппаратының басшысы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Рәміздер алаңынан полиция қызметкерлері, облыстық медициналық орталығының алаңынан дәрігерлер және Қорқыт ата атындағы университетінің бас корпусының алаңынан ректордың орынбасарлары, ардагер ұстаздар, кәсіподақ және жастар ұйымының төрағалары қатысты.
Мемлекеттік органның, Қорқыт-ата атындағы университеттің өкілдері, полиция қызметкерлері мен дәрігерлер қаза болған адамдарды құрметтеу мен еске алу белгісі ретінде киімдеріне қаралы таспа тақты.
Белгілі болғандай, «Мемлекеттік рәміздер туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес аза тұту күні бүкіл ел бойынша мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарында мемлекеттік тулар түсірілуі тиіс, «Жарнама туралы» Заңға сәйкес барлық теле- және радиоарналардың хабар тарату торынан жарнамалық контентті алып тастау қажет және т.б.
13 шілде 2020 ж. 152 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области