Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдария ауданының әкімі ауылдық аурухананы аралады

Сырдария ауданының әкімі ауылдық аурухананы аралады

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында эпидемиологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда инфекциямен нақтыланған науқастарды қабылдауға жұқпалы аурулар бөлімшесінен 30 төсек орны, провизорлық стационардан 40 төсек орны және қабылдау бөлімінен 9 фильтр төсек орны жұмыс жасауда. Десе де қалыптасқан жағдай одан әрі күрделене түсетін болса, науқастарға қосымша төсек орындар қажеттілігі туындауы мүмкін. Осыған байланысты аудан әкімі Руслан Рүстемов Шаған елді мекеніне барып, ауылдық аурухананы аралап көрді.
Шаған ауылындағы аурухана 1969 жылы салынып, 2010 жылы күрделі жөндеуден өткен. Оның сыйымдылығы – 50 төсек орын.
"Ауданда жұқпалы індет жұқтырғандар саны азаймай отыр. Осыған байланысты қосымша төсек орын қажет болуы мүмкін. Соған орай Шаған ауылдық ауруханасын 30 орындық провизорлық стационар ретінде ашуға болады деп санаймыз. Ауылдық аурухана провизорлық стационар ретінде ашылса, ауылға жақын орналасқан елді мекендерден келген науқастарды емдеуге мүмкіндік болар еді", – деді аудан әкімі.
Аудан басшысы ауылдық ауруханаға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс енгізілгенін атап өтті. Сала мамандарына бұл мәселені назарда ұстау қажеттігін тапсырды.

15 шілде 2020 ж. 239 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области