Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан Еgov дамуының әлемдік рейтингісінде 10 позицияға көтерілді

Қазақстан Еgov дамуының әлемдік рейтингісінде 10 позицияға көтерілді

Kyzylorda-news.kz.БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамытудың жаһандық рейтингінде Қазақстан 29-орынға көтерілді. 28-орынға Канада ие болды. Бұл рейтинг әр 2 жыл сайын жасалады және БҰҰ-ға мүше 193 елдің көрсеткіштері бағаланады. 2020 жылғы рейтинг мемлекеттердің 2018-2019 жылдары жүргізген жұмыстарының нәтижесіне негізделген.

БҰҰ-ның жариялаған есебіне сәйкес, электрондық үкіметті дамыту бойынша көшбасшылардың алғашқы үштігіне Дания, Оңтүстік Корея және Эстония енді.

ТМД елдері арасында Қазақстан 1-орынды иеленді. Қазақстаннан кейін Ресей (36), Беларусь (40), Украина (69), Молдова (79), Өзбекстан (87)және т.б.елдерорналасқан.

Осы жылғы рейтингте Португалия 35-і, Италия 37-і, Бельгия 41-і, Қытай 45-і, Малайзия 47-і орында тұр.

Қазақстанның аталған рейтингтегі ең жоғары позициясы 28-орын 2014 жылы тіркелген еді. 2016 жылы 33-орынға, ал 2018 жылы 39-орында болды. Осылайша, соңғы 2 жылдағы көрсеткіш бойынша Қазақстан10 позицияға жоғарылады.

Электрондық үкіметті дамыту бойынша БҰҰ-ның жаһандық рейтингінде (EGDI) үш компонент негізге алынады: электрондық қызметтерді (OSI), адами капиталды (HCI), телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту (TII).

2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда электрондық үкіметті дамыту индексі (EGDI) 2020 жылы 10,2%-ға, онлайн қызметтер бойынша 6,38%-ға, адами капитал бойынша 5,6%-ға өсті.

Жоғары 22,7% көрсеткіш телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту саласында байқалды. Сонымен қатар, электрондық қызметтер деңгейі бойынша Қазақстан ең жоғары балл алды. Рейтингте бұл көрсеткіш 1% деп бағаланса, Қазақстанның көрсеткіші 0,92% деп бағаланды.

Электрондық үкіметті қолдануды дамыту бойынша (E-participation) Қазақстан 16 позицияға көтеріліп, 26-орынға шықты. Бұл индекс азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын, мемлекет қызметінің ашықтығын көрсетеді, бұл "естуші мемлекет"саясатына сәйкес келеді.

Жергілікті жерлерде онлайн-қызметтерді дамыту бойынша Алматы қаласы рейтингке қатысқан әлемдегі 100 қаланың ішінде 29-орында.
15 шілде 2020 ж. 163 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области