Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2 тамыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

2 тамыз: Атаулы күндер мен оқиғалар


Ресейде әуе десанты әскері күні

1930 жылы 2 тамыз күні Мәскеу әскери округының әскери-әуе күштерінің жаттығуларында Воронеж түбіне парашютпен 12 адамнан тұратын десантшылар бөлімі қонған. Осы күннен бастап 2 тамызда десантшылар күні атап өтіледі.

2007 жылы Сеулде Қазақстан халқы Ассамблеясының тұсаукесер рәсімі өтті. Аталмыш шараға көрнекті қоғам және саясат қайраткерлері, елдің академиялық және іскер топтарының өкілдері қатысты. Шара аясында «Н.Ә.Назарбаев - этникааралық және ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы», «Н.Ә.Назарбаев. Бейбітшілік пен келісім саясаты» атты кәріс тіліндегі екі кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Шара еліміздің эстрада майталмандары «Ұлытау» тобы және «Наз» би ансамблінің ән шашуымен аяқталды.

2007 жылы Мемлекет басшысы «Мақта саласын дамыту туралы» Заңға қол қойды.

2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы есебінің мәліметтеріне сәйкес Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша Азия елдері арасында 7-орынға ие болды. Бұл ретте БҰҰ жаһандық рейтингінде ТМД-дағы барлық елдерден озып, Қазақстан 33-ші сатыға орналасты.
БҰҰ электрондық үкіметті дамыту индексі - азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндігін және әзірлігін бағалайтын кешенді көрсеткіш.
02 тамыз 2019 ж. 346 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области