Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 17 ақпан:Атаулы күндер мен оқиғалар

17 ақпан:Атаулы күндер мен оқиғалар

1993 жылы Алматы қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдігі жұмыс істей бастады.

2005 жылы Қазақстанның ақсақалы Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының «Даналар кеңесіне» енді. Ол 60-жастағы Парламент Сенатының халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы, саяси ғылымдарының докторы, профессор, танымал мемлекет қайраткері, дипломат және журналист Қуаныш Сұлтанов. Кеңестің берген дәрежесінің шеңбері аясында ақсақал ЕҚЫҰ реформасына өзінің ұсыныстарын енгізуі тиіс. «Даналар кеңесіне» Ванкуверден Владивостокқа дейін ЕҚЫҰ қызмет ететін барлық аймақтың өкілдері кіреді.

2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және барлау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы актіге сәйкес, 2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі ережелерін іске асыру, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және арнайы қызметтерінің құрылымын оңтайландыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі құрылды. Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі таратылды.

2009 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Электрондық жатақхана» жобасы жұмыс істей бастады. «Электрондық жатақхана» оқу орнының жұмысын реттеуге, оны оңтайландыруға септігін тигізеді. Яғни, жатақханаға қатысты мәселелерді, онда тұрып жатқан студенттердің түрлі түйткілдерін электрондық тұрғыда басқаруға мүмкіндік туып отыр. Оның бір ерекшелігі, жатақханаға байланысты барлық мағлұматтың бір жерге, оқу орнының ішкі интернет желісіне жинақталатындығында болып отыр. Осы арқылы университеттің жауапты қызметкерлері бақылау, басқару, мәлімет алу секілді көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізе алады. Сондай-ақ кез-келген мәселе бойынша есеп жүргізу, нәтижесін бір жерден көре алу, т.б. артықшылықтары да бар.

2010 жылы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде Тіл комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдері дамытудың үйлестіру-әдістемелік республикалық орталығы әзірлеген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» жүйесінің тұсаукесер рәсімі өтті. Осы жүйені әзірлеу үшін Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдері дамытудың үйлестіру-әдістемелік республикалық орталығына министрлік тарапынан тікелей тапсырма беріліп, соған орай тиісті жұмыс тобы құрылған. Аталған жұмыс тобына елімізге белгілі лингвист ғалымдармен қатар жас мамандар, сондай-ақ мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілге үйретіп жүрген мамандар қатысқан. Бұл бұрын соңды елімізде жасалмаған ауқымды, жүйелі, толыққанды, жан-жақты әдістемелік жүйе. Оның құрамында бүгінгі заманға сай аудио, видео сияқты барлық технологиялармен қамтылған 19 оқу-әдістемелік құрал бар.

2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Жедел әрекет ету ұжымдық күштері туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды
17 ақпан 2019 ж. 458 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области